Қоғам • 09 Наурыз, 2024

6 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола полицейлері жоғалған елорда тұрғынын облыс аумағында тапты. Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Шалқар ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде елорданың хабар-ошарсыз кеткен 40 жастағы тұрғыны орналасқан жерді анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz aqmola_pd инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

6 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды

Фото: aqmola_pd

Аталған инстаграм парақшасының мәліметінше, 2018 жылдың 8 шілдесінде Астана қаласы полициясына ер адамның үйден кетіп, қайта оралмағаны хабарланған. Оны іздеуге елордалық полиция қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар облыстық полиция қызметкерлері де жұмылдырылған.

Жоғалған адамды іздеу жұмыстары Ақмола облысы аумағында және басқа облыстарда жүргізіліп, ақыры мемлекетаралық іздеуге жіберілген.

«Ер адам бірнеше ай бұрын Қорғалжын ауданы аумағындағы жеке үйлердің біріне қоныстанған. Сол жерден табылды. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр», делінген хабарламада.