Президент • 11 Наурыз, 2024

Президент Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.

Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғы­мас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

Ораза айы рухани тазаруға, мұқ­таж жан­дарға көмек қолын созып, қайырым­дылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адам­зат­т­ың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.

Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан хал­қының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.

Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор ден­­саулық, амандық, толайым табыс тілей­мін!