Білім • 11 Наурыз, 2024

«Сабақ тоқтатылған күн». Оқушыларға берілмеген тамаққа миллиондап ақша аударған мектептер анықталды

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының прокурорлары сабақ тоқтатылған күндері мектеп асханасын тамақпен қамтитын кәсіпкерлерге негізсіз ақша аударған мектептерді анықтады, деп жазады Egemen.kz.

«Сабақ тоқтатылған күн». Оқушыларға берілмеген тамаққа миллиондап ақша аударған мектептер анықталды

Фото: Тұрар Қазанғапов

«Мәселен, Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған еді. Алайда, білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндеріндегі ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген», деп жазды облыстық прокуратура.

Осыған ұқсас жағдай облыстың барлық мектептерінде болған. Олардың бюджетке келтірген залалы 20 миллион теңгені құраған.

Анықталған фактілер негізінде шығынды өтеу актісі тіркелді.