Бокс • 11 Наурыз, 2024

Қазақтың тағы бір боксшысы Париж олимпиадасына аттанады

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеу кезеңінде 92 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Айбек Оралбай АҚШ боксшысы Джамар Таллейді 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша Париж олимпиадасында ел намысын қорғайтын боксшылар қатары тағы толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақтың тағы бір боксшысы Париж олимпиадасына аттанады

Фото: olympic.kz

Айта кетсек, бұл 23 жастағы Айбек Оралбай үшін мансабындағы алғашқы олимпиада.

Айбек Оралбай - Азия чемпионы, жастар арасында әлем чемпионатының финалісі, жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы.

Бұған дейін қазақ боксшыларының арасынан Карина Ибрагимова (-57 кг) мен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) Азия ойындары арқылы жолдама алған еді.

Италиядағы турнирден соң отандастарымыз Бангкокте өтетін жекпе-жекте лицензияны сарапқа салады. Турнир 23 мамыр мен 3 маусым аралығында өтеді.