Ауа райы • 12 Наурыз, 2024

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста  көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Фото: 24.kz

Қар көшкіні қаупі мен көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 377 км құрайтын 1 автожол:

«Самара-Шымкент» - Ақтөбе қ.-Ырғыз к. (жүк және қоғамдық көлік үшін)

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 160 км 1 автожол:

«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары» - Ушановское а.-Алтай қ. (автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 276 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған.