Туризм • 13 Наурыз, 2024

Ел азаматтары Таиландқа визасыз бара алады

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан азаматтары Таиландқа 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз бара алады. Тиісті Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел азаматтары Таиландқа визасыз бара алады

фото:luckycar.com

«Жобада келісім мәтіні таныстырылған. Оған сәйкес, Қазақстан азаматтарының Таиланд аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге баруы үшін оларды визалық талаптардан босату жоспарланып отыр. Бұл ретте 180 күн ішінде азаматтың Таиландта болған күндерінің жалпы саны 90 күннен аспауы тиіс. Сондай-ақ жолаушылардың паспортының жарамдылық мерзімі 6 айдан кем болмауы тиіс», делінген құжатта. 

Сәйкесінше, Таиланд корольдігі азаматтарының Қазақстанда болуы үшін де дәл осындай шарттар қолданылады. 

Көрсетілген мерзімнен артығырақ болу үшін азаматтар виза рәсімдеуі тиіс.

Еске салайық, Қазақстан мен Таиланд арасында визасыз режим 2023 жылғы 25 қыркүйек пен 2024 жылғы 29 ақпан аралығында уақытша, сынақтан өткізу мақсатында енгізілген болатын.