Дін • 15 Наурыз, 2024

Оразаны ұйқымен өткізсең, сауабын «түсіңде» көресің – Нұрлан имам

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы «отыз күн оразадағы отыз амалға» тоқталып, көрерменнің сан түрлі сауалына жауап береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оразаны ұйқымен өткізсең, сауабын «түсіңде» көресің – Нұрлан имам

Kazinform жазғандай, ораза ұстап, ауыз бекіту төңірегінде елді толғандырған сауал көп. Бұл жолы JIBEK JOLY телеарнасында «Ораза қабыл болсын» тікелей эфиріінде дінтанушы «Рамазан – ғибадат айы» тақырыбын кеңінен талқылады.

«Рамазан айы мен оразаның қасиеті жайында халық не біледі?», «Рамазанның болмысын қандай әрекеттер бұзады?», «Оразаның басты құндылығы неде?» деген сауалдар төңірегінде әңгіме өрбітті. Әр сұраққа өмірлік мысалдарды келтіре отырып жауап берді. Әсіресе, уақытты бағаламай, уақытты бос өткізудің зияны туралы айтты. Бұл айда компьютерлік ойындар ойнап, сан түрлі сериалдар көру Рамазанның қадірін кетіретінін тілге тиек етті.

Ал, Ораза ұстаған адам уақытын ұйқымен өткізсе, сауабының аз болатынын «Оразаны ұйқымен өткізсең, сауабын «түсіңде» көресің» деген әдемі әзілмен жеткізді. Сондай-ақ дінтауншы оразада тамақты көп ойлау, күні бойына «ауызашарға не дайындаймын» деген ойға берілу, соған уақытын жұмсау және «тамақты көптеп жесем, ертең қарным ашпайды» деген жаңсақ оймен шамадан тыс тамақтану да Оразаның бағасын түсіретінін айтты.