Ауа райы • 16 Наурыз, 2024

Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: qazaqstan.tv

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.