Қоғам • 17 Наурыз, 2024

Отбасы институты нығаяды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында Наурызнама тұжырымдамасы аясында Шаңырақ күні аталып өтті. Осыған орай өңір басшысы Нариман Төреғалиев 50, 25 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан отбасылармен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Отбасы институты нығаяды

«Баршаңызды алдағы Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Ата-бабаларымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Адам бойындағы игі қасиеттер шаңырақтан бастау алады. Өңірімізде мемлекет тарапынан отбасы институтын нығайтуға баса назар аударылып жатыр. Қазіргі таңда облыс бойынша 14 мыңға жуық көпбалалы ана бар, оның ішінде 6 558 әйел «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» белгісіне ие. Облысымызда 5 «Отбасы орталығы» жұмыс істеп тұр. Биыл тағы 3 ауданда осындай орталық ашуды жоспарлап отырмыз»,  деді облыс басшысы.

Нариман Төреғалиұлы Атырау қаласында өткен үшінші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар туралы айтқан сөзіне тоқталды.

«Президентіміз Ұлттық құрылтайда атап өткен отаншылдық, бірлік, ынтымақ, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық құндылықтары отбасыдан бастау алады. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беруіміз керек»,  деді әкім.

Іс-шараға жуырда отау құрған жас отбасылар да қатысты. Аға буын өкілдері жастар алдында сөз сөйлеп, өмірлік кеңестерімен бөлісті.

рр