Аймақтар • 18 Наурыз, 2024

БҚО-да дін мәселелеріне арналған семинар өтті

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-14 наурызда Орал қаласындағы «Jaiqhub» орталығының мәжіліс залында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», «Ақниет» ҚҚ, мешіттердің және т.б. мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – психология мамандары Разақов Нұрмұхаммет Шәмшіұлы және Шакимова Лола Сергеевна семинар оқыды.

БҚО-да дін мәселелеріне арналған семинар өтті

Нұрмұхаммет Разақов «Дін, мінез-құлық және әдет-ғұрып нормалары» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс істеді. Сондай-ақ «Қазақ қоғамының дәстүрлі діни танымы» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Лола Шакимова «Психология деструктивных личностей, уязвимых к вербовке со стороны лидеров ДРТ» тақырыбымен қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ «Методы изучения личности, применяемые в психокоррекционной работе с адептами ДРТ» тақырыбында қатысушыларға психокоррекциялық жұмыста қолданылатын тұлғаны зерттеу әдістерін үйретті.

Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар дәріскерлерге сұрақтар қойып, тұжырымды жауаптар алды.

Фото