Елорда • 19 Наурыз, 2024

Қазақстанда 18 жаңа қала пайда болуы мүмкін

1133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ірі ауылдар жаңа мәртебе алуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда 18 жаңа қала пайда болуы мүмкін

Фото: Руслан Пряников

19 наурызда өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауылдардың қалаға айналуы мүмкін критерийлерді атады. Қазір елімізде 10 мыңнан астам тұрғыны бар 112 ауыл бар. Оның ішінде 18 елді мекенде 30 мыңнан астам адам тұрады.

«Заңнамада олардың мәртебесін өзгерту тетіктері қарастырылған. Мәселен, үш жылдың ішінде халық саны 10 мыңнан асатын болса, онда облыстық мәслихат бұл ауылдардың мәртебесін өзгертуге, яғни қала мәртебесін беруге құқылы», деді шенеунік.

Оның айтуынша, бұл заң 2021 жылы күшіне енген. Қазір облыс әкімдіктері бұл ауылдардың мәртебесін өзгертуге қатысты мәслихаттардан түскен өтініштерді қарап жатыр. Бірақ әлі нақты шешім қабылданған жоқ.

Қазақстанда барлығы 7,6 миллион адам тұратын 6256 ауылдық елді мекен бар. Соңғы 10 жылда 50-ден аз тұрғыны бар 582 ауыл жойылды.