Қоғам • 19 Наурыз, 2024

Жаңару күні: ел өңірлерінде қандай іс-шаралар өтеді?

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңару күні аясында бүкіл ел бойынша 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңару күні: ел өңірлерінде қандай іс-шаралар өтеді?

Фото: freepik.com

Сонымен қатар осы күні Ақмола облысында Ш.Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында «Қаңбақ шал» ертегісінің премьерасы өтеді.

Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінде «Қош келдіңіз, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.

Қызылорда облысында түрлі пікірталас алаңдарында сарапшылар «Наурыз – жаңа саяси дәуірдің басталуы» тақырыбын талқылайды.

Павлодар облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Наурыз – асыл қазына» атты мерекелік концерт өтеді.

Петропавлда облыстық Ақан сері атындағы филармониясы Қазақ халық аспаптар оркестрінің «Наурыз-көктем» концерті ұйымдастырылады.

Жалпы алғанда, жаңару мен жаңа кезеңнің басталуын бейнелейтін Жаңару күнінде бүкіл ел бойынша 500-ден астам іс-шара өтеді.

«Елдегі барлық мәдениет мекемелері мен ведомстволық бағынысты және үкіметтік емес ұйымдардың ағаш отырғызу қоғамдық акциясына қатысуы – күннің басты оқиғасы болмақ», делінген ведомство хабарламасында.