Қоғам • 20 Наурыз, 2024

Наурыз марафоны өтіп жатыр

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында  «Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз марафоны өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Наурыз марафоны өтіп жатыр

Фото: telegram.org

Іс-шараға Мәжіліс және Сенат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнер мен мәдениет, ұлттық спорт өкілдері және ерекше ерлігімен көзге түсіп жүрген Қазақстан азаматтары қатысады.

Мерекелік жиында арнайы құрылған этноаумақ, түрлі тақырыптағы талқылаулар өткізілетін дискуссия алаңы, экспресс-камера (сұхбат) және ұлттық ойындар алаңы болады.