Денсаулық • 23 Наурыз, 2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиялық жағдай тұрақталды

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы 2 айда елімізде қызылша ауруы 38%-ға төмендеді. Қосымша иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын адамдардың 92%-ы егілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиялық жағдай тұрақталды

Фото: КазТАГ

Министрліктің мәліметінше, қызылшамен сырқаттанғандар әлі де тіркеліп жатыр. Осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпенің болуын қадағалауы қажет. Вакциналау болмаған жағдайда тіркелген жері бойынша емханада вакцина алған жөн.

Қызылшаның белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсас. Дене қызуы көтеріледі, жөтел және аурудың 4-5 күндері бөртпе пайда болады. Қызылша энцефалит (мидың қабынуы), өкпенің қабынуы, отит (құлақтың қабынуы) секілді асқынуларға әкеп соғуы мүмкін.

«Қызылшаның алдын алудың жалғыз сенімді құралы – уақтылы вакциналау. Екпе 1-6 жас аралығындағы балаларға жүргізіледі. Вакциналау арқылы балаларыңызды қызылшаның ауыр түрінен және оның салдарынан қорғай аласыз. Қазақстанда қызылшаға қарсы ДДҰ сертификаттаған қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Елімізде вакцинадан кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмеген», делінген министрлік мәліметінде.