Қоғам • 26 Наурыз, 2024

Қазақстанда ең көп ажырасатын қала тұрғындары анықталды

437 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ranking.kz агенттігі 2023 жылы Қазақстанда некеге тұру және ажырасу фактілерінің азайғанын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда ең көп ажырасатын қала тұрғындары анықталды

Фото: otzvip.ru

Агенттік мәліметінше, өткен жылы елімізде 120,9 мың жұп неке қиған. Алайда бұл көрсеткіш  2022 жылмен салыстырғанда 6 пайызға аз. Бұл ең төменгі көрсеткіш екенін айта кеткен жөн. Бұған дейін 2008 жылы ресми түрде 135 мыңнан астам жұп неке қиып, отбасын құрудың төмен деңгейі тіркелген еді.

Сонымен қатар 2023 жылы ажырасу дерегі де азайған. Былтыр 16,8 мың жұп ажырасқан. Көрсеткіш  2022 жылға қарағанда 5,3%-ға аз. Мамандар бұл рекордтық көрсеткіш екенін атап өтті. Ресми дерек ауыл тұрғындарының арасында ажырасу дерегі төмен екенін нақтылады. Қалада ажырасу саны – 5,2%-ға (12,4 мыңға дейін), ауылда 5,5%-ға (4,4 мың жұпқа дейін) азайған.

Өңірлер бойынша ең көп отбасы құрғандар  тізімінде Алматы қаласы көш бастады:  2023 жылы 13,1 мың жұп некелесті және бұл 2022 жылға қарағанда 4%-ға аз. Одан кейінгі орында – Түркістан облысы (11,8 мың) және Астана (10,4 мың). Ең аз неке Ұлытау облысында тіркелген – 1,5 мың жұп.
Ажырасу бойынша да Алматы бірінші орында: 2023 жылы – 2,3 мың, 2022 жылы 2,1%-ға аз. Одан кейінгі орында – Қарағанды ​​облысы (1,5 мың) мен Астана (1,5 мың). Ең аз ажырасу да Ұлытау облысында тіркелді – небәрі 198.

Агенттік ел тұрғындарының ажырасуына түрткі болған 3 басты себепті анықтады: 

  1. Отбасылық мәселеге туысқандардың араласуы;  (61%)
  2. Моральдық келіспеушіліктер; (41%)
  3. Өзге де себептер; (25%)