Спорт • 26 Наурыз, 2024

Елена Рыбакина Masters турнирінің ширек финалына шықты

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан Masters турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина Masters турнирінің ширек финалына шықты

Фото: sports.kz

Кездесу барысында Елена АҚШ теннисшісі Мэдисон Кизді 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Ойынның ұзақтығы 1 сағат 24 минутқа созылды. Рыбакинаның келесі қарсыласы − грекиялық Мария Саккари.

Мастерс турнирінің ширек финалына Юлия Путинцева да шықты. 2 сағат 21 минутқа созылған тартысты ойында Юлия украиналық Анжелика Калининаны 6:4, 7:6 (5) есебімен жеңді. Осылайша алғаш рет Мастерс турнирінің ширек финалында екі Қазақстан теннисшісі ойнайды.