Қоғам • 26 Наурыз, 2024

Қазақстанда жаңа мамандық пайда болады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі педагогтер лауазымдары тізіміне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа мамандық пайда болады

Фото: pixabay.com

Атап айтқанда, тізімге педагог-кәсіптік бағдарлаушы мамандығы қосылады.

Педагог-кәсіптік бағдарлаушы лауазымы оқушылардың таңдаған келешек мамандығына кәсіптік бағдарлау жұмысын ертерек үйлестіру үшін қажет.

Аталған құжат көпшіліктің талқылауы үшін 8 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.