Экономика • 26 Наурыз, 2024

Жастарға 1 миллион теңге беріледі. Өтініш қабылдау басталды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Zhas Project жобасы аясында ел жастарына 1 миллион теңге көлемінде шағын гранттар беріледі. Жобаға қатысу үшін өтінім беру басталды, деп жазады Egemen.kz

Жастарға 1 миллион теңге беріледі. Өтініш қабылдау басталды

Фото: Ашық дереккөзден

Zhas Project жобасына NEET санатындағы, яғни, 18-34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады. 

Өтініштер 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Әр өңір бойынша жобаны басқаратын және өтініш қабылдайтын ҮЕҰ-мен байланыс мәліметтері cisc.kz сайтында, Zhas Project бөлімшесінде көрсетілген. 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында өтінімдер іріктеліп, 15 мамырда конкурс нәтижесі жарияланады.

Жастарды қолдауды мақсат еткен жоба елдің 20 өңірін қамтиды.

Грантты иеленгеннен кейінгі басты талап - жобаны 4 айда жүзеге асыру. Тәжірибесі толыспаған жастардың қанатқақты жобалары жемісті болу үшін әр өңірде қолдау орталығы жұмыс істейді. Орталыққа жүгінген жас кәсіпкер көкейіндегі әлеуметтік, экономикалық, құқықтық сауалдарына кәсіби мамандардан жауап, кеңес ала алады. 

Биыл 280 жобаны қолдау жоспарланып отыр.