Қоғам • 26 Наурыз, 2024

«Қазақстанда жаңа инвестициялық платформа іске қосылды» - желіде фейк тарады

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Facebook әлеуметтік желісінде жалған ақпарат тарап жүр. Бұл жолы алаяқтар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесін пайдаланып, мемлекет қолдау көрсетіп отырған жаңа инвестициялық платформа іске қосылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстанда жаңа инвестициялық платформа іске қосылды» - желіде фейк тарады

Фото: dauletten.kz

Жалған бейнероликтің мазмұнына қарағанда, ондаған азамат бірнеше айдың ішінде автокөлік пен тұрғын үй сатып алған. Stopfake.kz бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Шын мәнінде алаяқтар Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін жалған дауыспен дыбыстаған. Қазақстанда жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы ресми дерек те жоқ.

Алаяқтар қолданушыларға белгісіз сайтқа кіріп, өтінімді толтыруды ұсынады. Бірақ сайтқа өтсеңіз, алаяқтар жеке деректеріңізге қол жеткізіп, қаржылық қылмыс жасауы ықтимал.