Оқиға • 26 Наурыз, 2024

Сарбаздарды орындық, таяқпен ұрған әскериге қандай жаза қолданылды?

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Диапазон» басылымы Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирінің мерзімді қызметтегі сарбаздарға қатысты билікті асыра пайдаланып, олардың басынан орындық, таяпен ұрғанын жариялаған еді. Бүгін Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Сарбаздарды орындық, таяқпен ұрған әскериге қандай жаза қолданылды?

Фото: Тұрар Қазанғапов

«Аталған факті бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін әскери қызметші теріс себептермен ҚР Қарулы күштерінің қатарынан босатылады», делінген министрлік хабарламасында.

Ведомоство қарулы күштер қатарында мұндай теріс оқиғалар бірен-саран болатынын айтып, бақылау үнемі жүргізілетінін мәлімдеді.