Қоғам • 27 Наурыз, 2024

Тараз тұрғыны алименттің орнына баспанасын берді

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот орындаушылары алиментті мәжбүрлеу арқылы өндіреді. Сондықтан алименттен жалтару мүмкін емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараз тұрғыны алименттің орнына баспанасын берді

Іnbusiness.kz жазғандай, жуырда бес жылдан бері алимент төлеуден қашып жүрген Тараз қаласының тұрғыны өз еркімен 2 бөлмелі пәтерін қызына сыйға тартты.

Борышкердің жұбайының айтуынша, бұрынғы жолдасы 2019 жылдан бері алимент төлемеген. Салдарынан алимент бойынша берешегі 5 жылда 1,5 миллион теңгеге жеткен. Берешекті жуық уақытта өтей алмайтынын білген азамат пәтерін қызына сыйлағанды жөн көріпті.

Ал жергілікті жеке сот орындаушыларының сөзіне сүйенсек, борышкермен мүлікті өз еркімен қызына беру туралы келісімге келу үшін 6 ай уақыт кетіпті. Қазір пәтердің құжаттары рәсімделіп жатыр.

Жалпы Жамбыл облысы бойынша сот орындаушыларының орындауындағы 16 361 алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттардың ішінде 7 879 атқарушылық құжат мерзімді орындауда. 8069 борышкер өз еркімен төлеп жатыр, ал алимент бойынша берешегі үш айдан (алайда ішінара төлем жасалуда) астам 302 атқарушылық құжат бар. 111 проблемалық алимент бойынша берешек 134 962 683 теңгені құрап отыр.