Қоғам • 27 Наурыз, 2024

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жаңа тыйым енгізілуі мүмкін

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілісте Ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулердің таныстырылымы барысында мемлепкеттік қызметкерлерге казино ойнауға тыйым салу ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жаңа тыйым енгізілуі мүмкін

Фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев бірқатар тұлғаларға бәс тігуге тыйым салу туралы заң жобасы авторларының ұсыныстарын жеткізді.

«Өтелмеген алименттік және несиелік қарызы бар азаматтардың құмар ойынға бәс тігу құқығы шектеледі. Яғни борышкерлердің бірыңғай реестрінде мәліметтері бар 25 жасқа дейінгі жеке тұлғаларды құмар ойындарға және бәс тігуге жіберуге тыйым салу белгіленеді», деді депутат.

Елнұр Бейсенбаев, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерге казино ойнауға тыйым салу туралы түзету енгізілгенін мәлімдеді.

«Осы заң жобасы аясында біз мемлекеттік қызметкерлердің казино ойнауына тыйым салу туралы норманы қарастырып жатырмыз. Мұндай түзету бар. Бірақ олардың букмекерлік кеңселерге бәс тігуін шектеу туралы ортақ келісімге қол жеткізген жоқ едік. Осы түзетуде бұл нормаларды қабылдау керек», деді Елнұр Бейсенбаев.