Бокс • 28 Наурыз, 2024

63,5 келі: Лицензиялық турнир іріктеуіне қатысатын боксшылар белгілі болды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан бокс федерациясы ерлер арасында 63,5 келі салмақ дәрежесінде Олимпиада жолдамасы үшін әлемдік лицензиялық турнирге іріктеу басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

63,5 келі: Лицензиялық турнир іріктеуіне қатысатын боксшылар белгілі болды

Фото: ҰОК

Әзірге Олимпиада жолдамасы бұйырмаған осы салмақта Қазақстан намысын қорғау үшін 6 боксшыға мүмкіндік берілгенін мәлімдеді. 

Таңдалған боксшылар Таиланд мемлекетінің астанасы Бангкок қаласында өтетін Әлемдік лицензиялық турниріне арнайы жоспарланған ресми спарингте бақ сынайды.

Бұл спаринг жарыс форматында өтеді.

Қазақстан бокс федерациясы осы салмақтағы елдің үздік боксшыларына тең мүмкіндік беруді шешкен.

Олар: 

  1. 2023 жылы Қазақстан спартакиадасының жеңімпазы, Италияда өткен лицензиялық турнирге қатысқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
  2. Азия ойындарында ширек финалға жеткен Зейнуллинов Ертуған;
  3. 2021 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов;
  4. Азия және Әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов;
  5. Кейінгі Қазақстан спартакиадасының жүлдегері, Литвада өткен халықаралық турнирдің алтын медаль иеленген Жандос Қыдырәлиев;
  6. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Сабырхан Төрехан (Италияда өткен лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын иеленген Махмұд Сабырханның туған інісі)

Тізімдегі боксшылар салмақтарын лимитке келтіруі шарт.

Жарыс 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында өтеді. Спаринг барысы Қазақстан бокс федерациясының ютуб желісінде онлайн көрсетіледі.

Сондай-ақ қыздар арасында да 50, 54, 66, 75 келіде Бангкок қаласында өтетін Әлемдік лицензиялық турнирге іріктеу осы күндері болады.