Аймақтар • 28 Наурыз, 2024

Алматыны шаңды дауыл басты

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында ауа райы күрт бұзылып, шаңды дауыл соғып тұр, деп жазады Egemen.kz.

Алматыны шаңды дауыл басты

Коллаж: Stan.kz

17:30-да қалада ауа райы күрт бұзылып, қатты жел соқты, екпінді жел әсерінен ауаға шаң мен құм көтерілді. 

Кей аудандарда электр жарығы сөндіріліп, такси бағасы шарықтап кетті.

Бұған дейін синоптиктер Алматыда күн бұлттанып, күндіз жаңбыр жауатынын хабарлаған еді. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метрді құрайды.

Оған қоса шаңды дауылдан кейін қалада жаңбыр жауа бастады.