Аймақтар • 28 Наурыз, 2024

Көптің көмегі

41 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Amanat» партиясының өкілдері мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қарғын судан зардап шеккен отандастарымызға қол ұшын созып, көп болып көмек көрсетіп жатыр.

Көптің көмегі

Мәселен, партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов, облыс­тық мәсли­хаттағы «Amanat» фракция­сының мүшелері су басқан аумақ­тарға барып, жағ­дайды бақылауға алды. Партия­лықтар төтенше жағдайлар департа­ментінің қызметкерлері, әске­ри құрылымдар және полицейлермен бірге күндіз-түні жұмыла жұмыс істеп жатыр. Аманаттықтар көшелері мен аулала­рын су басқан тұрғындарға көмек көрсетіп, су бұру, құм төгу, жолдарды судан тазарту жұ­мысына атсалысып келеді.

Облыс орталығындағы жағ­даймен танысқаннан кейін Қобда ауданына барған Ербол Данағұлов: «Қар мен мұздың күрт еруі және жаңбыр елді мекен­дердегі жағдайды қиындатып жіберді. Қазір ағыс бағытын бұру, бө­геу жұмысы жүргізілуде», дейді.

Айта кетейік, өңірдегі жас­тар қанатының еріктілері бұған дейін Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде, Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында болып, жергілікті тұрғындарға көмек көрсетті. Жастардың бір легі бүгінде үйін су басқан ақтөбеліктерге қол ұшын созып жүр.

Ал Қостанай облысында «Жас­тар рухы» жастар қанатының белсенділері Арқалық қаласының аумағында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге барып, бірнеше күн қатарынан көмек көрсетіп жүр. Олар жергілікті атқарушы органдармен және төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, тұрғындарды қауіпсіз аумаққа жеткізу, эвакуацияланған адамдарға уақытша баспана тауып беру, қажетті тұрмыстық зат­тармен қамтамасыз етуге жәрдемдесіп келеді. Бұған қоса, «Жастар рухының» волонтерлері гуманитарлық көмек жеткізуге де күш салып жатыр. Еріктілер азық-түлік, су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттарды жинап, кейін зардап шеккендерге таратады.

Батыс Қазақстан облысында «Аmanat»-тың бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, партия белсенділері Орал қаласында, Бәйтерек, Тас­қала, Теректі, Қаратөбе аудандарында су тасқынынан жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсетуде. «Жастар рухының» белсенділері тәулік бойы кезекшілікте жүрген төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне ыстық тамақ үлестірді. Сонымен қатар зардап шек­кен тұрғындарға көмек көр­сету мақсатында партияластар гу­мани­тарлық көмек жинауда. Бұған қоса облыстық, қалалық мәслихат депутаттары партияның өңірлік филиалы жанынан ашылған есепшотқа материалдық көмек ретінде қара­жат аударып жатыр. Партия фи­лиалдарының қызметкерлері де біркүндік жалақыларын аударды. Гуманитарлық көмектің алғашқы легі Қаратөбе ауданына жол тартты. Бұл көмек төтенше жағдай режімі жарияланған барлық ауданға жеткізіледі.

Абай облысында партияның өңірлік филиалының, аумақтақ филиалдарының төрағалары мен атқарушы хатшылары, партиялық бақылау комиссиясының мүше­лері, облыстық, аудандық мәсли­хаттағы депутаттық фракция мүшелері, «Жастар рухының» еріктілері су басқан аумақтарда атқарылып жатқан жұмыстарға белсенді араласып келеді.

Айта кетейік, аймақтағы бір­неше аудан мен Семей қаласы маңында айдындардағы су деңгейі көтеріліп, салдарынан көпірлер мен жолдарды, аулаларды су басты. Партиялықтар ТЖД мен ІІД қызметкерлері, әскери құрылымдар, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге тәулік бойы кезекшілік атқарып жүр. Олар қаптарды инертті мате­риалдармен толтырып, бөгет қойып жүр. Су басқан жол мен көше, тұрғын үй тұсынан арық қазу, су бұру, су сорғызу, құм тө­сеу, бөгет қою жұмысы жүріп жатыр.