Аймақтар • 29 Наурыз, 2024

Аягөз өзені іргесіндегі үйлерден 172 адам эвакуацияланды

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Аягөз ауданындағы өзен суының деңгейі көтеріліп кетіп, өзен іргесінде орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аягөз өзені іргесіндегі үйлерден 172 адам эвакуацияланды

Фото: Абай облысы әкімдігі

Облыс әкімдігінің мәлімдемесінде: «Уақытша орынға жеткізуге 3 автобус бөлінді. Алайда азаматтардың көбі туыстарының үйлеріне кетті. Қалғандары мектеп-интернат жатақханасына және жасөсіпірімдер спорт мектебіне орналастырылды», делінген.

Сонымен қатар Аягөз өзеніне жақын Ешмағанбетов, Шыңғожа батыр көшелері 324 тұрғынына сақтық шараларын сақтау ескертілді.

«Мамырсу ауылдық округінде де су деңгейі көтеріліп, сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен жағасына жақын орналасқан 10 үйге, (оның ішінде 30 ересек, 40 бала) ескерту жасалды. Эвакуация пункті дайын. Төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, кезекшілік ұйымдастырылған», делінген хабарламада.

Абай облысы әкімдігі