Аймақтар • 29 Наурыз, 2024

Маңғыстауда 40 итбалықтың өлексесі табылды

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізі жағалауынан жалпы саны 40  итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстауда 40 итбалықтың өлексесі табылды

Жағалауда түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Көрсетілген кадрларға зер салсақ, итбалықтардың көздеріне зақым келгенін байқауға болады.

Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий арнайы құрылған комиссия жағалауды тексеріп жатқанын айтты. Бүгін, 29 наурызда Урдюк мүйісі мен Баутинская шұңқырынан 40 итбалық өлексесі табылды.

Мамандардың айтуынша, өлекселерден физикалық зақым, жаралар немесе зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған жоқ.  

«Дауылдан кейін біздің мамандар теңіз жағалауын үнемі тексеріп отырады. Итбалықтар басқа жерде өлген, қырылу себебін медициналық сараптама анықтайды. Ал олардың көздері өлгеннен кейін зақымдалса керек, бұған құстар себеп болуы мүмкін», деп түсіндірді Руцкий.