Өнер • 30 Наурыз, 2024

Анаңызға жеткізе алмай қалмаңыз: Жазира Байырбекова ер-азаматтарға кеңес берді

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық әнші, жылы әндерімен тыңдарманының ыстық ықыласына бөленіп жүрген өнер иесі Жазира Байырбекова ер-азаматтарды әйелдерін құрметтеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анаңызға жеткізе алмай қалмаңыз: Жазира Байырбекова ер-азаматтарға кеңес берді

Өнер иесі отбасындағы ердің әйел үшін жұмсайтын қаражаты туралы ой қозғады.

«Ел арасында «әйелге көп ақша жұмсасаң табысты боласың, жолың болады» деп айтып жүргендерді былай түсіндім. Әйел сыйлық жасағанда, жылы сөз айтқанда, қамқор болғанда көңілі қуанып, ер-азаматына риза болып жүреді.

Әйел ер адамның ризалығын алу керек дегенді көп естиміз. Ер адам да әйелдің ризалығын алу керек», деді өнер иесі.

Ол әйелдің көңілі ақшамен ғана көтеріледі дегенге келіспейтінін жеткізген.

«Бәрі жетіп тұрғаны, әрине, жақсы ғой. Бірақ бір тал гүлді даладан үзіп әкеліп беріп (қалжыңсыз), шын көңілімен «отбасымызға жасап жүрген еңбегің үшін» деп жылы сөз айтса да риза боламыз. Қымбат сыйлық жасау керек деп бар тапқаныңызды әйеліңізге жұмсап, ата-анаңызға, бала-шағаңызға жеткізе алмай отырмаңыздар, жігіттер.

Анаңызға да, әйеліңізге де сіздің ақшаңыздан бұрын жылы сөзіңіз керек. Жылулық, татулық ақшамен өлшенбейді», деді әнші.