Ауа райы • 30 Наурыз, 2024

Жаңбыр қашан тоқтайды? Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдің қармен жабылған аумағы 36%-ды құрайды. Синоптикалық болжамға сәйкес, 30 наурыз - 5 сәуір аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңбыр қашан тоқтайды? Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

Фото: tn.kz

Жауын-шашынның басым бөлігі жаңбыр түрінде жауады, аптаның басында ғана республиканың басым бөлігінде түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ауысады. Қатты жауын-шашын 30 наурызда елдің оңтүстігінде (Түркістан облысы), 30-31 наурызда оңтүстік-шығысында (Алматы, Жетісу облыстары), 3 сәуірде шығысында (Абай, Шығыс Қазақстан облыстары) күтіледі. Аптаның ортасында республиканың батысында, аптаның соңында республиканың солтүстік жартысында және Абай облысында жауын-шашынның тоқтайды. 

Одан бөлек елдің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр: Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде 2-10 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз – 5 градус жылыға дейін, содан кейін түнде 0-5 жылыға дейін, күндіз 12-20 градус жылыға дейін жоғарылайды, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяз – 3 градус жылыға дейін, күндіз 5-15 градус жылыға дейін төмендейді, содан кейін түнде 0-8 градус жылыға дейін, күндіз 13-23 градус жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететінін айта кету керек.