Пікір • 30 Наурыз, 2024

«Бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан табиғи құбылыс». Сарапшы су тасқынына қатысты пікір білдірді

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалым, су шаруашылығы саласының ардагері Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, жаһандық жылыну дүниежүзі бойынша табиғи апаттарға әкеліп отыр. Жер бетінің орташа температурасы көтерілген сайын мұхиттардың булануы күшейіп, циклондардың бағыты өзгерген. 

«Бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан табиғи құбылыс». Сарапшы су тасқынына қатысты пікір білдірді

Фото: halyq-uni.kz

«Еліміздегі су тасқыны - табиғаттың өзгеруімен тікелей байланысты. Бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан құбылыс. Мәселен, Сауд Арабиясында бұрын-сонды болмаған бұршақ жауып, қар түсті. Басқа да елдерде су тасқыны болып, табиғи катаклизмдер жиілеп жатыр. Бұдан бөлек, әр 11 жылда өзгеріп келетін «күн циклі» бар. Күннің күрт жылынуы мен құрғақшылыққа әкелетін аптап ыстық осымен де байланысты», деді ғалым.

Сондай-ақ сарапшының сөзінше өткен күзде елімізде жаңбыр көп жауғандықтан топырақтағы ылғал сіңіп үлгермеген. Айтуынша, еліміздің оңтүстігінде жердің беті 1,5 метрге дейін, солтүстікте 2,5 метрге дейін қатқан. Салдарынан еріген қар суы жерге сіңбей, жердің бетімен кетіп жатыр.