Әдебиет • 31 Наурыз, 2024

Президент жазушы Сәбит Досановтың отбасына көңіл айтты

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті қаламгер, драматург, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты Сәбит Досановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент жазушы Сәбит Досановтың отбасына көңіл айтты

Фото: Әдебиет порталы

– Сәбит Айтмұханұлы қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына елеулі үлес қосты. Ұлттық проза мен драматургияның дамуына нағыз шығармашыл тұлға ретінде бар саналы ғұмырын арнады. Көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланды. Соңына өшпес әдеби бай мұра қалдырған Сәбит Айтмұханұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.