Қоғам • 01 Сәуір, 2024

Сот Бишімбаевтың күле жауап бергеніне қатысты ескерту жасады

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жүріп жатыр. Сот отырысы айыпталушының сұрауымен алқабилер алқасы және БАҚ  қатысуымен өтіп жатыр. Сондай-ақ қоғамдық резонанс тудырған қайғылы жағдайға қатысты сот отырысы Жоғарғы соттың ресми әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот Бишімбаевтың күле жауап бергеніне қатысты ескерту жасады

«Мен оны жамандағым келмейді. Бірақ Салтанат парадоксқа толы адам болды. Оны түсіне алмайсың. Тұрақсыз еді, кейде былай, кейде басқаша айтады. Таңертең «араласпай-ақ қояйық», деп кетіп қалды. Кешкісін қайтадан бір жерге апарып тастауымды сұрады», деп күлді Бишімбаев сот залында.

Айта кетейік, Бишімбаевтың бұл әрекетін мемлекеттік айыптаушы сынға алды.  Прокурордың айтуынша, осы әрекетімен Бишімбаев жәбірленуші тарап пен марқұмның атына құрметсіздік көрсетіп отыр.

Ал Бишімбаев жүзіне үйірілген күлкіні әйелі туралы жақсы естеліктермен байланыстырып, кешірім сұрады.