Аймақтар • 01 Сәуір, 2024

Алматы облысында жоғалып кеткен қыз 2 аптадан бері табылмай жатыр

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында жоғалып кеткен қыз 2 аптадан бері табылмай жатыр

фото: Алматы облысының ПД

Ауқымды іздеу жұмыстары әлі нәтиже берген жоқ.

Айта кетейік, үш жасар Аясофия екі аптадан бері іздестіріліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Еңбекшіқазақ ауданындағы Күш ауылы маңында 2021 жылы туған қыз бала жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен еді. Ол үйден шығып, осы күнге дейін оралмаған.

Бұған дейін 3 жасар қызды іздеуге 300 адам шыққан.

Құтқарушылар бірінші күннен бастап шынжырмен тізіліп, тарақ әдісімен жер бетінде іздеу жұмыстарын жүргізді. Жер бетіндегі іздестіру жұмыстарымен қатар ROSO құтқарушылары үйге жақын маңдағы су айдынына сүңгу жұмыстарын жүргізді. Іздестіру жұмыстарына арнайы үйретілген иттер мен «Казавиаспас» тікұшағы жұмылдырылды.