Аймақтар • 02 Сәуір, 2024

Алып бала: ШҚО-да салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Ана мен бала орталығында алып бала дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алып бала: ШҚО-да салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жаңа туған нәрестенің салмағы 6 келі 180 грамм болды. Ал қыздың бойы – 57 сантиметр. Ведомство мұндай босану әдеттегіден қиынырақ болғанымен, әйел өзі босанғанын хабарлады.

Босанған әйел 33 жаста, бұл – оның отбасындағы төртінші баласы. Дәрігерлердің айтуынша, сәби мен анасының жағдайы жақсы.

«Мұндай жағдайлар біздің перзентханада ғана емес, жалпы республика бойынша өте сирек кездеседі. Оларға денсаулық пен амандық тілейміз», деді перзентхана меңгерушісі Жадыра Дүсіпова.

Бұл – Шығыс Қазақстанда биыл дүниеге келген тұңғыш алып бала. Ал осы жылы Ана мен бала орталығында дүниеге келген ең кішкентай сәбидің салмағы 730 грамм болған.