Қоғам • 02 Сәуір, 2024

«Әкем – нашар адам»: Бишімбаевтың қызы Нүкеноваға хат жазған

1924 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше, 2 сәуір күні Қуандық Бишімбаев алғаш рет сот залында қайғылы оқиға туралы түсініктеме берді. Айта кетейік, бұған дейін ол түсініктеме беруден 5 рет бас тартқан, деп жазады Egemen.kz.

Түсінік беру барысында Бишімбаев Салтанат Нүкенова мен бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында біршама түсінбеушілік болғанын, оған да Салтанат кінәлі екенін айтқан еді.

Сот отырысы аяқталғаннан кейін, көп ұзамай бұл оқиғаның ойдан құралғаны анық болды. Назым Қаһарман әлеуметтік парақшасында  Бишімбаевтың айтқанын жоққа шығарды.

Оның айтуынша, марқұм Нүкенова екеуінің арасында ешқандай түсінбеушілік, агрессиялық хат алмасулар болмаған. Бұл туралы тіпті ол Салтанат Нүкеновамен алғашқы әрі соңғы рет хат алмасқан фото-скринін салып, шындықты жайып салды. Әйелдердің смс жазбасынан олардың өте жылы қарым-қатынаста екенін байқауға болады.

454

Назым Қаһарман марқұм Салтанаттың тек өзіне емес, балаларға да өте жақсы қарым-қатынаста болғанын. Арада бес ай уақыт өтсе де, қызының әлі де Салтанаттың қайтыс болғанына сенбей, оған хат жазып жүргенін айтып, қызының Салтанатқа жіберген хатын көрсетті.

111

«Мен қатты сағынып жүрмін. Әкем – нашар адам. Әйелді ұру – сұмдық әрі ұят! Сізді жақсы көремін», делінген смс хабарламада.