Қоғам • 02 Сәуір, 2024

«Манипуляция шебері». Назым Қаһарман Бишімбаевтың «шындығы» туралы

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше, 2 сәуір, Астана қаласында Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы өткен еді, деп жазады Egemen.kz.

«Манипуляция шебері». Назым Қаһарман Бишімбаевтың «шындығы» туралы

Кешке дейін жалғасқан процесте Бишімбаевқа сөз беріліп, экс-министр Нүкеновамен өткен бір жылдық отбасылық өміріндегі барлық жайсыз оқиғаға марқұм әйелін кінәлап, өзін «сол қорлыққа шыдаған құрбан» ретінде көрсетуге тырысқан.

Сот отырысынан кейін әлеуметтік желілерде Бишімбаевтың қоғамға, сот отырысындағы алқабилерге манипуляция жасалып жатқаны туралы көптеген жазбалар тарады. Бишімбаевтың бұрынғы әйелі де бұл тақырыптан шет қалмады.

«Келісемін, ол (Бишімбаев – ред.) манипуляция шебері. Тағы да (сот залында – ред.) тоқтамай балалар туралы айта береді. Неге екенін, мен туралы да «Салтанатқа жазды» деп айтып жатыр. Мұның бәрі өтірік», деп жазды Назым Қаһарман.