Оқиға • 02 Сәуір, 2024

Астанадағы 9 қабатты үйден өрт шықты: 8 адам құтқарылды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астаналық өрт сөндірушілер жеті ересек адам мен бір баланы қызыл жалын құрсауынан құтқарды, деп жазады Egemen.kz.

Астанадағы 9 қабатты үйден өрт шықты: 8 адам құтқарылды

Фото: видеодан алынған кадр

Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатынан өрт шықты.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды құтқарып, медицина қызметкерлеріне табыстады.

Олардың бірі - ерекше қамқорлықты қажет ететін әйел. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр.