Саясат • 02 Сәуір, 2024

Германия Қазақстанды серіктес елдер тізімінен алып тастады

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Deutsche Welle хабарлағандай, Германия Орталық Азия елдерінің дамуына бағытталған көмек бағдарламаларын қысқарта бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германия Қазақстанды серіктес елдер тізімінен алып тастады

Фото: Zakon.kz

«Ірі реформаны Федералды экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігі жүргізеді: ол серіктес елдердің санын 85-тен 60-қа дейін қысқартады», деп жазады неміс басылымы.

Берлин тарапы аталған серіктестікті қандай себептерге байланысты тоқтатқанын түсіндірді. News.ru бұл критерийлерді атады: мемлекет бұдан былай қолдауды қажет етпейді немесе реформалар жүргізуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, сондай-ақ адам құқықтарын сақтауда табысқа жете алмаған.

Айта кетерлігі, Германияның жаңа стратегиясында Орталық Азия елдеріне, атап айтқанда, Қазақстанға, Қырғызстанға, Тәжікстан мен Түрікменстанға орын табылмады. Серіктестер қатарында тек Өзбекстан  Республикасы қалды.