Сенат • 02 Сәуір, 2024

Қазақстан - Өзбекстан ынтымақтастығы кеңейтіледі

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан - Өзбекстан ынтымақтастығы кеңейтіледі

Фото: А.Байжұманов

Шарт саяси, сауда-экономика, транзит-көлік, мәдени-гуманитарлық, азаматтық қорғаныс және энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Құжат сондай-ақ халықаралық аренада өзара іс-қимылды нығайтуды көздейді. Тараптар шарттың ережелеріне сәйкес екі мемлекеттің Парламенттері, саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдеседі.

Тараптар шартқа сәйкес сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік салаларында, терроризм, діни экстремизм, ұйымдасқан және кибер қылмыстар, заңсыз көші-қон, адам саудасы, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымы сияқты жаңа сын-қатерлер мен қауіпсіздікке қарсы іс-қимыл мәселелерінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын жаңа деңгейіне шығаруға, сондай-ақ екі мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуына мүмкіндік береді.

Комитет мүшелері талқылау нәтижесі бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.