Аймақтар • 02 Сәуір, 2024

Маңғыстаулық құтқарушылар – Ақтөбеде

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынынан сергелдеңге түскен тұрғындарға көмек беру үшін Маңғыстаудан құтқарушылар көмекке аттанды. Ақтөбе облысы аумағына бара сала іске кірісккен маңғыстаулық құтқарушы мамандар мотопомпа арқылы суды сорып, құм дорбаларынан бөгеттер салып жатыр.

Маңғыстаулық құтқарушылар – Ақтөбеде

Фото: baq.kz

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар де­партаментінің жедел тобы Темір ауда­ны­ның Шұбарқұдық ауылында суды сору жұмыстарын жүргізіп, Қобда ауданындағы Қобда ауылында құммен толтырылған 250 қапшықты суға тосқауыл ретінде қойған. Құтқарушылардың хабарлауынша, су айдау және зардап шеккендердің мүлкін құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Наурыз айының соңғы күнінде Маңғыстаудан барған құтқарушылардың күшімен 7 мекенжай бойынша 4 500 текше метр су сорылып, 17 су басқан үйден мүлік эвакуацияланғаны анықталды.

Өңірде су тасқынынан зардап шеккен көршілерге көмек көрсету мақсатында Маңғыстау облысының қоғамдық кеңесінің қолдауымен ресми реквизит ашылып, халық су тасқынынан зардап шеккендерге өз көмектерін қосып жатыр.

 

Маңғыстау облысы