Аймақтар • 03 Сәуір, 2024

Бейнеуде газ жарылып, үй қирады: қайтыс болған адам бар

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейнеу ауылында газдың жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй құлап, бір адам қаза тапты. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі оқиғаның алдын ала себептерін атады, деп жазады Egemen.kz.

Бейнеуде газ жарылып, үй қирады: қайтыс болған адам бар

ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 3 сәуірде болған.

Жарылыстан үй толығымен дерлік қираған. Салдарынан Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы төтенше жағдай қызметінің қызметкері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарлаған. Оқиға орнына жеткен бригада қираған жеке үйге қолдан жасалған жылыту газ қазандығы орнатылғанын анықтады, - деп хабарлады компания.

Оқиға туралы Бейнеу аудандық әкімдігі мен полицияға хабарланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қолдан жасалған қазандықтан газ шыққан. Анықталғандай, бұған дейін үй иелеріне қолдан жасалған бұл жабдықты ауыстыру туралы хабарлама келген, бірақ үй иелері бұл ескертуді елемеген. Апаттың себептері сараптама қорытындысы бойынша нақтыланады, - деп қорытындылады компания.