Қоғам • 03 Сәуір, 2024

Бишімбаевтың адвокаттары сот отырысында өрескел қате жіберді

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 2024 жылдың  3 сәуірінде, Астана қаласында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталып жатқан Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Бишімбаевтың адвокаттары сот отырысында өрескел қате жіберді

Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаев 8-9 қарашада орын алған оқиға туралы айтып жатыр. Түсініктеме барысында айыпталушы оқиғаның қалай өрбігенін түсіндіру үшін фотосурет қолдануды сұрады. Ал жәбірленуші тарап соттан тек тергеу аясындағы материалдарды қолдануды сұраған. 

Күдікті мен адвокаттары көрсетілетін фотосуреттер «Bau» ресторанында, қайғылы оқиғаны тергеу барысында түсірілгенін алға тартты. Десе де, олар сот отырысына қатысушылардың көз алдына 2024 жылдың наурыз айында түсірілген фотосуреттерді ұсынып, сот пен сот отырысына қатысушыларды шатастыруды көздегендей әрекет танытты. 

Сәйкесінше судья Айжан Құлбаева қорғаушыларға ескерту жасады.