Сенат • 03 Сәуір, 2024

Сенат екі судьяны қызметінен босатты

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп судьялардың қызметтен кету себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

Сенат екі судьяны қызметінен босатты

Фото: senate.parlam.kz

«Әбдірашид Төлегенұлы Жүкенов және Зәуре Балғазықызы Кейкібасова зейнет жасына жеткен. Олардың судьялық қызметте мол тәжірибесі бар. Олар судьялық қоғамдастық арасында мәртебелі беделге ие», деген Денис Шипп екі судьяны қызметтен босатуды ұсынды.

Сенаторлар ұсынысты мақұлдап Ә. Жүкенов пен З. Кейкібасованы қызметінен босатты.