Қазақстан • 04 Сәуір, 2024

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақын арада Қырғызстан Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Жогорку Кенеш отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді

Фото: gov.kz

Министрлер кабинетінің басшысы Қырғыз Республикасы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі Қырғызстанда жасалған азық-түлік түріндегі гуманитарлық жүкті жақын арада Қазақстанға жіберілетіндігін айтты.

«Бішкек жылу электр орталығында болған апаттан кейін Қазақстан Қырғызстанға біз сұрамасақ та көмек қолын созды. Осы сәтті пайдалана отырып, Өзбекстанға, Түркіменстанға және Қазақстанға бізге көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіргім келеді. Қырғыз Республикасы Президентінің көршілес елдермен жүргізген саясатының нәтижесінде олар бізге көмек сұрағанға дейін де көмек көрсетті.

Сондай-ақ бізден де сұралмағанымен, бауырлас халыққа гуманитарлық көмек жібереміз. 8 сәуірде Қазақстан Премьер-министрі Қырғызстанға келеді. Кездесуде тағы қандай көмек көрсету керектігін талқылаймыз», деді Ақылбек Жапаров.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті