Оқиға • 04 Сәуір, 2024

Теміртауда атыс болып, бір адам жарақаттанды

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға кезінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жүр, деп хабарлады Egemen.kz.

Теміртауда атыс болып, бір адам жарақаттанды

Фото: видеоскрин

Tengrinews.kz сайты жазғандай, атыс кезінде бір адам зардап шекті.

Желіде жарияланған жазбаға қарағанда, атыс Теміртаудағы автотұрақтардың бірінде болған. Видео авторы қатысушылардың арасында тұрақ орнына байланысты жанжал болғанын айтқан. Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Ведомствоның баспасөз қызметі қақтығысқа қатысушылардың жеке басы анықталғанын хабарлады. Қазір оларды ұстау бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«4 сәуірге қараған түні Теміртау орталық ауруханасына оқ жарақатын алған 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысқан тұлғалар анықталды», делінген хабарламада.