Пікір • 04 Сәуір, 2024

Адалдықтың айқын шарты

24 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Құрылтайда Президент ай­қын­дап берген мақсаттың бірі – бүкіл қоғам болып жемқор­лық­қа қарсы күресті жалғастыру. Алайда бұл іс қалай іске асады? Жем­қорлықтың түп тамырына не­ліктен балта шаба алмай келеміз? Бұл сұраққа Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың мы­на сөзімен жауап беруге бола­ды. «Қағидамыз – әділдік, тіре­гіміз – жауапкершілік, мақ­сатымыз – өрлеу. Еліміз осы құн­ды­лықтарды берік ұстана отырып, даму көкжиегін сөзсіз кеңейте түспек. Ал әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді».

Адалдықтың айқын шарты

Фото: massaget.kz

Елімізде жемқорлыққа қарсы стратегия түзілген. Оның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәде­ниет деңгейін қалыптастыру. Ал жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адам­гер­шілікпен сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы тұру қабілеті деген сөз.

Тұлғаның сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениеті оның қоғам қауіпсіздігі мен игілігіне бұл індеттің зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивид­тің жай ғана сыбайлас жемқор­лықты төзбеуі емес, оны жоюға, онымен күресуге талпынуы. Яғни сыбайлас жемқорлыққа қар­сы мәдениет дегеніміз – жем­қорлыққа қарсы белсенді аза­мат­тық позиция. Мұндай мәде­ниет тұлғада құқықтық аяда іс-әрекет етуі үшін белгілі бір білік­тіліктердің болуын талап ете­ді, олар: жемқорлықты әлеу­мет­тік зұлым ретінде тани білуі, сы­бай­лас жемқорлықпен күрес негіз­дерін және оның қоғам өмі­рі­нің кез келген саласында дең­ге­йін төмендету үшін барлық мүм­кіндікті пайдалана білуі. Сол себепті де жемқорлыққа қар­сы мәдениет бұл індетке қарсы са­на­ның феномені саналады.

Қоғамдық сананың түрлі нысаны бар, олардың көмегімен адамдар қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Ал «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық нысанын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осы­лайша, жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиет және сипаттаманы меңгереді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың кеселге әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғым, тео­рия, түсінік пен сезім, көзқарас пен эмоциялардың жиынтығы. Мұндай сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы мінез-құ­лықты қамтамасыз ету үшін м­о­раль­дық-адамгершілік, идео­ло­гиялық, құқықтық шараларды талап етеді.

Жемқорлыққа қарсы мәде­ниет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес, жемқорлықты қабылдамау негі­зінде жататын осы жүйе­мен тіпті сәйкес келмейтін құндылық­тар жүйесі. Демек бұл дегеніміз адамгершілік пен азғындық, құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қаты­настар әлеміне көзқарас. Мұн­­дай мәдениет кез келген адам­нан жоғары моральдық, құ­қық­тық, саяси және басқа мә­де­ниеттер негізінде сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы тұра білу қабі­летін талап етеді. Қазіргі уақыт­та бұл мәдениет шынайы қажет­ті құбылыс мәртебесін иелене­ді, оны әлеуметтендіру үдері­сін­д­е қоғамның барлық әрекет­ке қабі­летті мүшелері игеруге тиіс.

Жемқорлықсыз қоғам құруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Себебі жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі саласын қамтиды, оның ішінде, әсіресе білім беру меке­ме­леріне жүктелетін жауапкер­шілік аса жоғары.

Еліміздің сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл бағдар­ла­масында «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке де­йінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал», делінген. Мұнда өске­лең ұрпақтың жастайынан құ­қықтық санасы мен мәдениетін қа­лыптастыру, отансүйгіштік бағыт­тағы құндылықтар негізін­де тәрбиелеу міндеті қойы­лып отыр. Өйткені, азамат­тар­­дың өз құ­қықтарын жақсы білуі қоғам­дағы сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы мәдениеттің қалып­тасуы­на бірден-бір ықпал ете­тін фак­тор. Еліміздің әр азама­ты қан­дай да бір заңнаманы сәй­ке­сін­ше қолдана білсе, мем­ле­кет­тік қыз­меткердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүд­делерін қорғау үшін тиімді қол­данса еліміз дерттен арылып, әлем­дегі дамыған елдер қатары­нан орын алуына үлкен үлес қосар еді.

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс». Президенттің Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айқындап берген аксиомасы осы үш ұғыммен бекі­тілген. Бұл үш ұғымды Мем­лекет басшысы «озық әрі табысты елге айналудың басты кілті» деп атады. Ал адал табысты айқындайтын шарттың бірі бүгінде жемқорлықтан ада қоғаммен байланысты.

 

Айжан ЕСЕНБАЕВА,

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы