Аймақтар • 05 Сәуір, 2024

Қарамырза ауылынан 108 адам эвакуацияланды

25 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қарасу өзені көтеріле бастаған соң, қауіптің алдын алу үшін Қарамырза ауылының 108 тұрғыны алдын ала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарамырза ауылынан 108 адам эвакуацияланды

«Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жедел штаб отырысында халықты және олардың мал-мүлкін дер кезінде эвакуациялауды тапсырды. Өңірлік штабтар су тасқынына қауіп төнуі мүмкін елді мекендердің тұрғындарына эвакуацияға әзір болу керегін түсіндіріп, қажетті заттарын, құнды дүниелерін, құжаттарын  буып-түйіп дайын отыруға, малын босатып жіберу туралы кеңес берді», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Н.Құлабаев.

Бүгінге дейін Қостанай облысы бойынша 1392 адам эвакуацияланды. Жергілікті атқарушы органдар елді мекендердің айналасына айналдыра құм қап қалап,  бөгет тұрғызып жатыр. Авариялық-құтқару жұмыстарына 2 мыңға жуық адам жұмылдырылған.