Елорда • 05 Сәуір, 2024

Елордада проблемалық тұрғын үйлердің құрылысы маусым айында аяқталады

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлер саны азайып келеді. Мысалы, 2019 жылы қала бойынша 150-ден астам проблемалы үй болса, 2023 жылдың басында ұзаққа созылған үйлердің құрылыс саны 4 087 үлескердің санымен 32-ге дейін қысқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада проблемалық тұрғын үйлердің құрылысы маусым айында аяқталады

Фото: Астана әкімдігі

2024 жылы 140-тан астам тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Биыл бұл мәселе толық шешіледі. Тағы 9 нысан бойынша үлескерлерге кілттерді блокпен тапсыру алдағы айларға жоспарланған. 

Мысалы, ақпан айында «Future home» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің тұрғындары көптен күткен кілттерін алды. Оның құрылысы 11 жыл бойы жүргізілді. Құрылысы 2013 жылы басталған нысан 2017 жылы проблемалы деп танылды. Үлескерлердің саны 200-ге жуық отбасын құрайды.

Үлестік құрылыс нысандарының аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында.