Құтқарушы • 05 Сәуір, 2024

«Карьерді су басқан»: 7 жұмысшы құтқарылды

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы Нұра өзенінің су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Карьерді су басқан»: 7 жұмысшы құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ мәліметінше, Нұра арнасынан асуына байланысты, Қызылжар ауылы маңындағы карьерді су басқан.

Сумен қоршалған жұмысшылар өздігінен шыға алмады. ТЖД құтқарушыларының күшімен 7 жұмысшы құтқарылды.