Аймақтар • 05 Сәуір, 2024

Тобыл қаласы мен Әлжан ауылының адамдары эвакуацияланып жатыр

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаратомар су қоймасынан жіберілген мол судың салдарынан Қостанай аданында да жағдай ушыға бастады. Аудан әкімдігі Тобыл қаласының еңістегі көшелері мен Әлжан ауылының шеткі көшелерінің тұрғындарын жедел қауіпсіз жерге көшуді сұрап дабыл қағып жатыр.

Тобыл қаласы мен Әлжан ауылының адамдары эвакуацияланып жатыр

Тобыл қаласында 6 эвакуациялық пункт бар. Мұның сыртында, «Алтын дән» мәдениет үйі мен «Астана» спорт кешені де эвакуацияланғандарды қабылдауға дайын тұр.

Сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін Қостанай мен Тобыл қаласын байланыстыратын үлкен көпірдегі қозғалыс жабылады. Сондай-ақ Қостанайдың шетіндегі «Шағала» жағалауына да кіруге тыйым салынады. Бұл маңайды арнайы жедел қимыл жасағының 15 қызметкері мен 20 полицей бақылауда ұстап тұр.

 

Қостанай облысы